Cookie файлдары
Cookie — браузеріңіз сақтайтын шағын файл. Онсыз сайт сізді кіргеннен кейін «ұмытып» қалар еді. Бұл бетте HORDA қандай cookie қолданатыны толық жазылған.
1 Қысқаша: бақылау cookie-лері жоқ
HORDA-да жарнама желілерінің, талдау жүйелерінің (Google Analytics, Meta Pixel және т.б.) немесе кез келген үшінші тарап cookie-лері ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ. Сайттың бүкіл коды өз серверімізден беріледі.
Сондықтан бетке кіргенде «cookie-ге келісім беріңіз» деген терезе шықпайды: келісім сұрауды талап ететін cookie бізде жоқ.
2 Қолданылатын cookie-лер
Тізімнің бәрі — платформаның жұмысы үшін қажет техникалық cookie-лер:
- Сессия cookie-і — жүйеге кіргеніңізді есте сақтайды. Онсыз әр бет ашқан сайын қайта кіруге тура келер еді. Браузерді жапқанда немесе жүйеден шыққанда жойылады.
- XSRF-TOKEN — форма мен түймелерді бөгде сайттан жалған жіберуден қорғайды. Бұл қауіпсіздік талабы.
- Тіл cookie-і — қазақша мен орысшаның қайсысын таңдағаныңызды сақтайды.
3 Cookie емес, бірақ ұқсас: localStorage
Басты беттегі анимацияны өшірсеңіз, бұл таңдау браузеріңіздің жадында (localStorage) сақталады. Ол бізге жіберілмейді — тек құрылғыңызда қалады.
4 Cookie-ні қалай өшіруге болады
Кез келген браузердің баптауларында cookie-ні өшіруге немесе тазартуға болады.
⚠️ Бірақ ескеріңіз: сессия cookie-і өшірілсе, платформаға КІРУ МҮЛДЕМ мүмкін болмайды — жүйе сізді танымайды. Бұл техникалық шектеу, біздің таңдауымыз емес.
5 Өзгерістер
Cookie тізімі өзгерсе, осы бет жаңартылады. Егер болашақта талдау жүйесі қосылса, ол алдын ала келісім сұрағаннан кейін ғана іске қосылады.